«Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығы (2025.15.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығы

(2025.15.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 144 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023.01.06. № 211 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 6 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидалар бекітілсін:

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.